preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарында шілде айына бекітілген тапсырма бойынша Алматы обылысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының басшылығымен «Би-шешендер мен жыраулар сөзі – халықтың тәлім-тәрбие құралы» тақырыбында интеллектуалды жарыс өтті. 

Жамбыл ауданының «Шынасыл» мешітінде өткен сайысқа ұстаз Сүмбілшаш Жомартованың дайындауымен «Әжелер алқасы» қатысты. Сайыстың мақсаты – қазақтың  би- шешендерінің ұлағатты сөздерін жатқа айтып, дұға тілеп, бата беру. Қатысушылардың білімін ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, отбасы құндылығын дәріптеуші, ғалым Құралай Жарболқызы, сектордың аймақтағы жауапты өкілі Назерке Әкішқызы, Жамбыл ауданы бойынша жауапты Роза Шалабайқызы бағалады.

Нәтижесінде Жомартова Қарлығаш апайымыз жеңімпаз атанып, 50 мың теңге сыйлығын иемденді, ал екінші орын (40 мың теңге) Қожахметова Бота апайымызға бұйырса, үшінші орынды 30 мың сыйақымен Каримова Раушан апайымыз алды. Сайысқа қатысқан әр әжемізге сертификат табысталып, құнды сыйлықтар таратылды. Қорытындысында құрметті қонақ Динара Құтқожақызы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, әжелерімізге амандық тіледі.