preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы бас имамы Іле ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысы бас имамы Іле ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысының бас имамы Іле ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар мешіттердің құрылыс барысымен танысып, діни нысандарға қатысты құжаттамаларды зерделеді.

Сапар аясында салынып жатқан және пайдалануға берілген мешіттердің қазіргі жағдайы, құрылыс сапасы мен талаптарға сәйкестігі қаралды. Сонымен қатар, мешіт құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуіне ерекше назар аударылды.

Бас имам жауапты азаматтарға діни ғимараттарды салу мен құжаттандыру барысында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.