preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 5 БАҒЫТ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 5 БАҒЫТ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерінің бес бағытқа жауапты имамдарына бас имам Мадияр Тағайбайұлы кезекті жиналысын өткізді.

Жиналыс барысында имамдарға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық-насихаттық шаралардың сапалы орындалуы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды күшейту жұмыстары айтылды. Сонымен қатар, ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша қаңтар-қыркүйек айларына арналған жұмыс барысы тексерілді. Облыстың өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлы жыл соңына дейін атқарылуы тиіс жұмыс жоспары бойынша пысықтап, бірқатар тапсырмалар берді.