Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жаңа мешіттің құрылысы бой көтерді
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында жаңа №2 мешіттің құрылысы бой көтерді. Мешіттің ашылуына Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысып, ғибадат үйінің ел игілігіне қызмет етуіне дұға жасады.
Ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, дін қызметкерлері және ауылдың абыройлы ақсақалдары қатысты.
Жаңа мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар ауыл халқы үшін рухани тәрбие мен білім беретін орталық ретінде қызмет етуге дайын.



