Республика күніне орай Алматы облысы имамдары арасында шағын футболдан турнир өтті
25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі имамдар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты – имамдар арасындағы бауырмалдықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты арттыру.
Облыс бойынша 12 команда қатысқан турнир жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде бірінші орынды Талғар ауданы, екінші орынды Іле ауданы, үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы иеленді.
Жеңімпаздарды Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Бұл бастама діни қызметкерлердің бірлігін, ұйымшылдығын және жастарға үлгі боларлық белсенділігін көрсететін игі дәстүрге айналып келеді.



