preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдары арасында спорт түрлерінен жарыс өтті

Алматы облысы имамдары арасында спорт түрлерінен жарыс өтті

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйытқы болуымен Талғар ауданындағы «Ақниет» демалыс орнында өңір имамдары арасында спорт түрлерінен жарыс өтті.

Садақ ату, арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру және футбол сияқты 5 спорт түрін қамтыған ауқымды шараға Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарынан келген дін қызметкерлері қатысты.

Имамдардың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында жүзеге асқан жарыстың нәтижесі төмендегідей:

Садақ ату: І орын – Іле ауданы, ІІ орын – Қонаев қаласы, ІІІ орын – Балқаш ауданы.

Арқан тартыс: І орын – Талғар ауданы, ІІ орын – Іле ауданы, ІІІ орын – Қарасай ауданы.

Қол күрес: І орын – Қарасай ауданы, ІІ орын – Еңбекшіқазақ ауданы, ІІІ орын – Ұйғыр ауданы.

Гір көтеру: І орын – Қарасай ауданы, ІІ орын – Ұйғыр ауданы, ІІІ орын – Еңбекшіқазақ ауданы.

Футбол: І орын – Еңбекшіқазақ ауданы, ІІ орын – Талғар ауданы, ІІІ орын – Қонаев қаласы.

Жүлделі орын иегерлеріне арнайы кубоктар, медальдар және қаржылай сертификаттар табыс етілді.