preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы «Балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінде облыс деңгейінде имамдарға волейболдан турнир өтті.

Жарысқа 8 аудан 1 қала қатысты (Алатау қаласы, Іле, Талғар,  Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Балқаш, Райымбек, Кеген, Ұйғыр ауданСпорттық  шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, тәртіп пен ережелері түсіндірілді.

Алғы сөзді алған Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы мұндай жарыстар ауызбіршілікті арттырып, өзара берік қарым-қатынасқа серпін береді дей келе, қатысушы имамдарға сәттілік тіледі. Өз кезегінде әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев да сөз сөйлеп, бұл шараның маңыздылығына тоқталды.

Жарыс нәтижесі бойынша, бірінші орынды – Талғар ауданы командасы иеленсе (100 000 тг), екінші орынды – Іле ауданы командасы (70 000 тг), ал үшінші орынды Кеген ауданы командасы иеленді (50 000 тг). Жарысқа қатысқан қалған командаларға 30 000 тг сертификаттар табысталды.

Соңында Алматы облысының наиб имамы Сулейменов Талғат жеңімпаздарды марапаттап, қатысқан имамдарға  сәттілік тіледі.