preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының аттестацияға дайындығы пысықталды

Алматы облысы имамдарының аттестацияға дайындығы пысықталды

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен орталық «Қапшағай» мешітінде өңірімізге қарасты дін қызметкерлерінің алда келе жатқан аттестацияға дайындық семинары ұйымдастырылды.

Алғы сөзді алған облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы көпшілікке имамдық қызметтің жауапкершілігі мен аттестацияның маңыздылығы туралы кеңінен айтып өтті.

Танымдық шара барысында дін қызметкерлерінің құжаттары мен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң)  тақырыптары аясында білімі тексеріліп, дайындығы пысықталды.