preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өтті

Алматы облысы имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ұйғыр ауданында Алматы облысы имамдарының кезекті көшпелі жиыны өтті.

Алқалы жиында Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлері облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлына Рамазан айында атқарылған іс-шаралардың есебін берді.

Облыс бас имамы дін қызметкерлерінің есебін қабылдап, мүбәрак айда атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты тапсырмалар берді.