Алматы облысы имамдарының көшпелі жиналысы өтті
Балқаш ауданында «Ислам және ізгі қоғам» атты Алматы облысы имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өтті.
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалық етуімен өткен жиынға Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлері қатысты.
Мадияр Тағайбайұлы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жолдап, ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қарастырылған мәселелер жайлы баяндады.
Әсіресе, облыс бас имамы келе жатқан Рамазан айына дайындықты пысықтап, ұлық айда атқарылуы тиіс іс-шараларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.