preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы, Кемертоған ауылында әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті

Алматы облысы, Кемертоған ауылында әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті

2025 жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы, Кемертоған ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық деңгейде рухани-спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Желтоқсан құрбандарына арналды. Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы, облыс бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, Қарасай ауданының бас имамы Жандосұлы Дәуренбек, «Әжелер алқасының» өкілдері мен аудандық әйел ұстаздар қатысты. Шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіздік күнінің маңызын кеңінен насихаттау, рухани тәрбие мен отансүйгіштік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен ұйымшылдықты арттыру болды. Бағдарлама аясында әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізіліп, қатысушылар белсенділік пен салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша әйел жамағаты арасында Желтоқсан құрбандарына арналып 77 Құран хатым түсірілді.  Жарыс қорытындысында жүлделі орын иеленген командалар грамоталармен, ал барлық қатысушылар медальдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімін Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы жүргізді. Іс-шара соңында қонақтарға сый-сияпаттар табысталып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Шараны ұйымдастырған Кемертоған мешітінің  имамы Рахманбердіұлы Арман, мешіт ұстаздары және жамағаты.