АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗДІ
Алматы облысы өкілдігі қазан айының екінші жексенбісі аталып өтетін «Мүгедектер күніне» орай бірнеше қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
«Тайқазан» қайырымдылық жобасы: Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мүдектігі бар жандарға қолдау көрсету мақсатында азық-түлік себеттері таратылды. РҚБ “Ерекше балаларының ата-аналар одағы” және “Қапшағай Самға” мүгедектер қоғамдық бірлестігі, “Қамқор жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінде және мешіт тізімінде тіркелген ерекше жандарға бір айлық азық-түлік себеттері таратылды.
Жалпы алғанда демеушілердің қолдауымен облыстық “Қапшағай” мешітінде ай сайын 200-230 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі.
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы облысы бойынша жауапты маманы Ринат Маратұлы шараға келген жамағатқа мәуліт айының қадыр-қасиетін түсіндіріп, сүннет амалдарына тоқталды. Жақсылық жасау, бауырына көмек беру Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан сауапты амалдары екенін жамағатқа жеткізді.