preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ оқу ағарту бағыты мен құран секторының рамазан айына берілген жоспары бойынша қайырымдылық мекеме және ҚДО (қарилар даярлау орталықтары) арасында құран жарысын жасау тапсырылған болатын. Соның аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасымен құран кәрімнің 5 парасынан облыстық байқау болып өтті. Құран сайысына Алматы облысының құран секторының басшысы Абдухалық Абдумажитұлы, Алматы қаласының құран секторының басшысы Тоқсанбайұлы Қуаныш қари және Шынасыл мешітінің қариы Бейбарыс Асқарұлы төрелік жасады. Жарысқа облыстағы ҚДО нан 40 қа жуық шәкірт қатысты.

Облыс бас имамы өз кезегінде қариларға құран жаттаудың артықшылығы туралы насихатын айтып, жүлделі орынға ие болған шәкірттерді марапаттады.

1- орын. (200 000т)

Сүлеймен Ералы (Іле ауданы)

2-орын. (150 000т)

Батырбайулы Ерлан(Талғар ауданы)

3-орын. (50 000т)Әшімұлы Айниддин(Іле ауданы)

3-орын. (50 000т) Биназар Бақдәулет( Іле ауданы)

Жас қари аталымы. (50 000т) Рамазан Нұрланұлы (Қонаев қаласы)