preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында халал ұғымының мәні мен маңызы, шариғат талаптарына сай азық-түлік өндірісі, халал стандартының негізгі қағидалары және адал ас мәдениетін қоғамда насихаттау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, халал өнімдерді ажырату, тұтынушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, халал саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Аталған іс-шараның мақсаты – имамдардың халал бағытындағы білімін жетілдіріп, халық арасында шариғат талаптарына сай адал асты насихаттау жұмыстарын күшейту болып табылады.