АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1000 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміз бойынша «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды. Рамазан айына орай 35 мың азық-түлік себеті таратылады.
Осы орайда Алматы облысыда марафонға қатысты. Әлеуметік жағдайы төмен, жалғыз басты, ерекше балалрды тәрбиелеп отырған, көпбабалы 1000 отбасыға азық-түлік себеттері берілді. Игі шараға Алматы облысы бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысты. . Сонымен қатар, жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі. Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс.




