Алматы облысында «Мектепке жол» атты игі шара өтті
Алматы облыстық Қапшағай мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.
Игі бастама аясында Қонаев қаласындағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балаларына және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға 120 мектеп сөмкесі мен оқу құрал-жабдықтары табысталды.
Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевпен Алматы облысы бойынша бас имам Мадияр Тағайбайұлының қатысуымен, демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет және қайырымдылық» қоры барша демеушілерге шынайы алғыс білдіреді. Алла разы болсын!



