Алматы облысында мешіттердің қызметі зерделенді
Алматы облысы бойынша діни қызметтің сапасын арттыру және мешіттердің жұмыс барысын зерделеу мақсатында арнайы іссапар ұйымдастырылды. Аталған шара аясында тәртіптік кеңестің мүшесі, Алматы облысы «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарына қарасты мешіттерге арнайы барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. ссапар барысында мешіттердің жалпы қызметі, құжаттамалық жұмыстары, діни рәсімдердің өткізілу тәртібі, сондай-ақ жамағатпен жүргізілетін ағартушылық және тәрбиелік жұмыстардың деңгейі қарастырылды. Сонымен қатар, мешіттердің ішкі тәртібі мен тазалығы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және имамдардың қызметтік міндеттерді атқару сапасы да назардан тыс қалмады.



