preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «MUNARATV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖАҢА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «MUNARATV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖАҢА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысы, Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «MunaraTV»  телеарнасының жаңа студиясының ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында Бас мүфти жаңа студияның жұмысымен танысып, студия ұжымына сәттілік тіледі.

Жаңа студия заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, сапалы діни-ағартушылық контент дайындауға мүмкіндік береді. Студия ұжымы алдағы уақытта телеарна көрермендеріне бағытталған түрлі рухани, танымдық және ақпараттық бағдарламаларды ұсынуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «MunaraTV»  телеарнасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық-ағартушылық бағыты аясында жұмыс істеп, діни саладағы жаңалықтар мен рухани-танымдық бағдарламаларды жүйелі түрде көрермен назарына ұсынып келеді.