preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында Құран хатым асы ұйымдастырылып, ауыл имамдарына қолдау көрсетілді

Алматы облысында Құран хатым асы ұйымдастырылып, ауыл имамдарына қолдау көрсетілді

Алматы облысында дін қызметкерлерінің қатысуымен Құран хатым ас дастарханы ұйымдастырылды. Шараға Мадияр қажы Тағайбайұлы және Талғар ауданына қарасты дін қызметкерлері қатысты.

Ас барысында облыс имамы аудан имамдары мен дін қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады. Сонымен қатар дін саласындағы қызметтің маңыздылығын атап өтіп, жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізудің жауапкершілігіне тоқталды.

Шара аясында ауыл имамдарын қолдау мақсатында 5 ауыл имамына 50 000 теңге көлемінде бір реттік сертификат табысталды. Бұдан бөлек, бір имамға умра қажылығына жолдама сыйға берілді.

Аталған игі шара дін қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі болып, олардың рухани қызметіне серпін беретін маңызды бастама ретінде бағаланды.

Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйесінде дін қызметкерлерін қолдау және ынталандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасы ретінде өткізілді.