preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында «Зекет және қайырымдылық» қоры ұшыр зекетін насихаттады

Алматы облысында «Зекет және қайырымдылық» қоры ұшыр зекетін насихаттады

Алматы облысы, Алатау қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы жергілікті диқандармен кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – егін өнімінен берілетін ұшыр зекетінің маңызын түсіндіру және қайырымдылыққа үндеу болды.

Кездесу барысында қор директоры ұшыр жайында уағыз-насихат айтып, диқандарды алған өнімдерінің белгілі бір бөлігін мұқтаж жандарға арнауға шақырды.

Жергілікті диқандар өз өнімдерінің бір бөлігін қайырымдылыққа ұсынып, төмендегідей көлемде жеміс-жидек пен көкөніс жинады:

  • Картоп – 600 кг

  • Сәбіз – 180 кг

  • Пияз – 150 кг

  • Алма – 80 кг

  • Асқабақ – 180 кг

  • Қырыққабат – 120 кг

  • Қызанақ – 80 кг

  • Бұрыш – 100 кг

  • Қарбыз – 150 кг

  • Қауын – 100 кг

Жалпы салмағы – шамамен 1,74 тонна.

Жиналған барлық өнім Алматы облысындағы Үшқоңыр медресе-колледжіне табыс етіліп, студенттердің асханасына пайдалануға тапсырылды. Бұл игі іс қала тұрғындарына ұшыр зекетінің рухани мәнін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдағы өзара қамқорлық пен бірлікті нығайтуға үлес қосты.