АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТЫНАН ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы облыстың руханият жолында еңбек сіңірген бірқатар дін қызметкерлерін марапаттады.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» атауымен 2024 жыл аясында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахылбекұлы облыс әкімінің алғыс хатын табыстады. ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және қала имамдары атап айтсақ Қаби Ринат, Еншібай Сәкен және ауыл имамдары Сүтемген Ерқанат, Ментаев Әлішер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Алматы облысы бойынша дін жолында қызметтеріне алғыс айтып, келер жылғы жоспарларына сәттілік тіледі.