Алматы облысының бас имамы «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-рухани дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Аталған шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды. Бұл марапат оның қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және діни ағарту бағытындағы жүйелі еңбегінің нәтижесі ретінде табысталды.
Марапаттау кезінде өңір басшылығы тарапынан дін қызметкерлерінің ел бірлігін сақтаудағы, жастар тәрбиесіндегі және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Аталған марапат – өңірдегі рухани саланың дамуына серпін беріп, дін қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.


