preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы 2025 жылғы 17 сәуір күні Алатау қаласына ресми сапармен келді. Іссапар барысында ол Қоянқұс шағын ауданындағы “Абахалис Кәрімұлы” мешітінде қала мешіттерінің дін қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сапар аясында ұйымдастырылған семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған бірқатар маңызды құжаттар таныстырылып, соған сәйкес нақты тапсырмалар жүктелді. Бас имам дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, мешіттердегі діни, рухани және ағартушылық жұмыстарды жүйелеу, жамағатпен тығыз байланыс орнату мәселелеріне айрықша тоқталды.
Семинар соңында қала мешіттерінің имамдары Мадияр қажы Тағайбайұлының жеке қабылдауында болып, өзекті сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Бас имам әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, діни қызметтің сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Бұл сапар Алатау қаласындағы діни ахуалды нығайтып, имамдардың рухани жауапкершілігін арттыруға жаңа серпін берді.