Алматы облысының бас имамы Кеген ауданында зиялы қауыммен кездесті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Кеген ауданына арнайы сапармен келіп, дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында аудан зиялыларымен жүздесті.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды тәрбиелеуде дәстүр мен діннің өзара байланысы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, «Аталар мектебін» жандандыру бастамасы көтеріліп, оның қоғамға берер пайдасы мен жас ұрпаққа өнеге боларлық маңызы талқыланды.
Зиялы қауым өкілдері аталған игі бастаманы қолдап, ұлттық тәрбиенің тамырын тереңдету жолында бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.



