preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының бас имамы мешіт құрылысымен танысты

Алматы облысының бас имамы мешіт құрылысымен танысты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірде салынып жатқан бірқатар мешіттердің құрылыс барысымен танысты.
Сапар барысында бас имам мешіттердің жобалық талаптарға сәйкестігін, құрылыс жұмыстарының сапасын және алдағы уақытта атқарылуы жоспарланған жұмыстарды қарастырып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жаңа ғибадат үйлерінің халық игілігіне уақытында және сапалы түрде пайдалануға берілуінің маңыздылығын атап өтті.
Жергілікті дін қызметкерлерімен өткен кездесуде Мадияр қажы Тағайбайұлы мешіттердің тек құлшылық орны ғана емес, рухани ағарту орталығы болуы керектігін айтып, аймақтағы діни жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне қатысты ұсыныстарымен бөлісті