АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданында орналасқан “Абахалис Кәрімұлы” мешітінде ерекше рухани кездесу өтті. Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы мешітке арнайы ат басын бұрып, жамағатпен жүздесті.
Кездесу барысында бесін намазының алдында бас имам жамағатқа арнап тағылымды уағыз айтып, насихат жұмысын жүргізді. Уағыз барысында ол Аллаға деген шүкіршілікті арттырып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетін ұстану, бауырмалдық пен бірлік, ізгілік пен сабыр туралы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі, мешіттің жамағат тәрбиесіндегі маңызы жайлы ой қозғады.Мешіт жамағаты бас имамның жылы лебізі мен пайдалы насихатын ерекше ықыласпен тыңдап, алғыстарын білдірді. Кездесу соңында мешіт имамы және жамағат атынан Мадияр қажы Тағайбайұлына жүрекжарды ризашылық білдіріліп, жамағатпен бірге дұға жасалды.Бұл жүздесу – өңірдегі рухани жұмыстардың жанданып, халықпен етене жақын болуға бағытталған игі қадамдардың бірі екені сөзсіз.



