preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

Бас имам Талғар аудандық “Әбу Бәкір Ас-Сыддық” мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма уағызын айтты. Сонымен қатар, бас мүфтидің бұйрығымен Талғар ауданның жаңа бас имамы Қаби Ринат Маратұлын жамағатпен таныстырды. Бұған дейін Ринат Маратұлы 10 жыл көлемінде түрлі дін саласында қызмет атқарған. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын “Алматы облыстық Қапшағай мешітінің” наиб имамы болды. Ал, бұған дейін ауданның бас имам қызметін атқарған Ерқанат Еркінұлы Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы “Хайыр Ихсан мешітіне” имам болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған имамдардың қызметіне сәттілік, толағай табыс тілейміз.