Алматы облысының имамдары Бас мүфтидің бағдарлық баяндамасын тыңдады
Бүгін елордасы Астанада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасына Алматы облысының имамдары онлайн форматта қатысты.
Бағдарлық баяндама айтылған жаңа бастамаларды жіті тыңдаған дін қызметкерлері болашаққа бағытталған мақсаттардың мәнін ұғып, әр уақытта елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет етуге даярлығын білдірді.