Алматы облысының мешіттері 1000 балаға оқу құралдарын сыйға тартты
Алматы облысының мешіттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына үн қосты.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Мектепке жол-2023» шарасы Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарының мешіттерінде өтті.
Жергілікті дін қызметкерлері, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері және еріктілердің ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық іс-шаралары нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған мектеп сөмкелері, сондай-ақ 100 балаға арнайы мектеп киімдері табыс етілді.