preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттерінде «Жақсылықта жарысайық» жәрмеңкесі өтті

Алматы облысының мешіттерінде «Жақсылықта жарысайық» жәрмеңкесі өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсетіп келеді. Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай Алматы облысына қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өңірімізге қарасты мешіттерде «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде жүзеге асқан шаралар барысында жұма намазына келген жамағатқа үй тағамдары, түрлі тәттілер, үй жағдайына қажетті тұрмыстық гигиеналық заттар, орамалдар, киім-кешектер ұсынылады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалатын болады.

Аталмыш жәрмеңкелер барысында 2 400 000 теңге көлемінде қаражат жиналды. Бұл шараларға ұйытқы болған дін қызметкерлеріне және қолдау көрсеткен барша халыққа алғыс айтамыз. Алла сіздерге разы болсын.