preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында брифинг өтті

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында брифинг өтті

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында Рамазан айына байланысты брифинг өтті.

Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысып, қасиетті айдың маңызы, қоғамдағы қайырымдылық пен ауызбіршілікті арттыру мәселелері жөнінде кеңінен тоқталды. Брифинг барысында өңірдің бас имамы қасиетті айда рухани тазалыққа, сабыр мен мейірімге ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Рамазан айында қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға көмек көрсету, ауызашар дастархандарын ұйымдастырудың маңыздылығына назар аударды. Шараға Алматы облысы орталығындағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты. Журналистер тарапынан Рамазан айына дайындық, мешіттердегі ауызашар шаралары, қайырымдылық іс-шаралары және діни ағарту жұмыстары бойынша сұрақтар қойылды.

Брифинг барысында өңірдегі мешіттерде Рамазан айында діни-ағарту бағытындағы іс-шаралар, қайырымдылық акциялары және рухани кездесулер ұйымдастырылатыны айтылды.