АРДАГЕР ЖАМАҒАТҚА КІШІ ҚАЖЫЛЫҚ ЖОЛДАМАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Алатау қаласы, Ынтымақ шағын ауданындағы мешіт ұжымы, шәкірттер мен жамағаттың атсалысуымен, мешіттің алғаш ашылған кезінен бастап жанашыр жамағат болып жүрген Жанпеисов Ақылбек Әбілханұлына Ұмра қажылығына жолдама табысталды. Бұл марапат – оның мешіт пен жамағат игілігі жолында атқарған қажырлы еңбегінің жемісі. Жамағат тарапынан берілген Ұмра сертификаты Ақылбек Әбілханұлына ерекше құрмет ретінде ұсынылып, салтанатты түрде табысталды.



