preloader

Жаңалықтар

“АРЫН ҚАЖЫ” МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

“АРЫН ҚАЖЫ” МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Арын қажы мешітінде “ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ДІНДЕГІ РӨЛІ ЖӘНЕ ҮЛЕСІ” атты семинар өтті.
Мешіт ұстазы Айсұлу Амангельдіқызының ұйымдастырумен жиналған жамағатқа ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы
Ислам дінінде ағартушылыққа үлкен маңыз берілгендігін, орта ғасырларда мұсылман елдерінде философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салаларының қауырт дамығанынан аңғаруға болатынын атап айтты. Соның ішінде Абай атамыз, Шәкәрім Құдайберді еңбектеріне тоқталып өтті. Семинар қонағы отбасы құндылығын дәріптеуші ғалым, дінтанушы Құралай Жарболқызы өз тарапынан қазақ ағарушыларының әйелдерінің рөлін ашып айтты. Семинардың соңында мешітке келіп, дәріс алған шәкірттерді араб әріптерін, ережелерін танып, Құран оқу сауатын ашқандығын дәлелдейтін сертификат беріп, шәкірттерге Қүран кітабы тару етілді.