preloader

Жаңалықтар

“АС БЕРУ МЕН ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ” ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

“АС БЕРУ МЕН ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ” ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жібек жолы ауылы “Үшкемпірұлы Жақсылық” атындағы мешітінде “Ас беру мәдениеті”және “Зират және зиярат мәдениеті” тақырыбында мүфтият бастамасы таныстырылып, ел арасында қолдану бойынша насихат айтылды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және зиярат» құжатын негізге ала отырып насихат жұмыстарын жүргізу қолға алынған болатын.  Лсы орайдағы алқалы жиынға ауыл ақсақалдары, Жібек жолы округі әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлы, Қарасай ауданының наиб имамы Солтанбек Нұрбол, Көлащы ауылы, «Жұмабек» мешітінің имамы Маден Мүбәрак, Тұрар ауылы, «Дәмен ана» мешітіңің имамы Сапаров Ағабек, «Жаңа Шамалған ауылдық мешіті» Қыздербеков Марат және “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінің имамы Құдайберген Шоқан және ауылдардан келген ақсақалдар қатысты.
Ақсақалдар төрағасы Бажат ақсақал Адамның дүниеге келуі мен қайтыс болуына қатысты рухани-діни рәсімдерді орындауда мұсылманға тән мәдениетті ұстанғану жайлы жеткізді. Абай ата, Тасбай ата және барлық ақсақалдар да дәстүр сабақтастығы жайлы бір пікірге қосылды. Сондай-ақ «Зираттарды бір ізділікке келтіру» тақырыбы да сөз болды.
«Ас беру кезінде дастарханға көп заттардың қойылуы ысырапқа жол беруге алып келеді. Бұл әрекеттер қоғамның әртүрлі өкілдері, оның ішінде зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен дін мамандары тарапынан жиі-жиі сынға ұшырауда», – деп атап өтті мешіт имамдары.
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы діни рәсімдердің шариғатқа сай орындалуын тәртіпке келтіріп, ас берудің жалпыға ортақ, біріңғай мәдениетін қалыптастыру бойынша облыс тұрғындарына үндеу жолдаған болатын. Осы жұмыстар аясында Алматы облысы бойынша асқа арналған дастархан мәзірінде ұлттық жеті тағам түрі ұсынылды. Ақсақалдар, ардагерлер ұйымы, әкімшілік және мешіт имамдары қолдауымен өткен жиындардың нәтижесінде келген ел ағалары қолдау білдірді.
Жиын соңында арнайы жайылған дастархан басында “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінің имамы Құдайберген Шохан келген қонақтарға алғыс айтып, ақсақалдардың батасын алды. Барлық келген қонаққа сый сыйяпат таратылып, үлкендерге шапан жапты.