preloader

Жаңалықтар

«Бала және қоршаған орта» атты аймақтық семинар өтті

«Бала және қоршаған орта» атты аймақтық семинар өтті

Бүгін Қарасай ауданындағы Шамалған мәдениет үйінде ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторы Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бала және қоршаған орта» атты тақырыпта аймақтық семинар өтті.

Семинар басында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы сөз алып, дініміздегі баланың тәрбиесі жайлы айта келе:

«Ғалымдарымыз мына үш нәрсе сатып алынбайды деп айтады: Біріншісі білім, екіншісі тәжірибе және үшіншісі адалдық», деп ұрпағымызды адал жолмен жүріп, адал білім алып, еңбек етуге үйретуге шақырды.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы рухты жас адамның иманы мықты, ата-анаға құрметі жоғары болса Отанға деген махаббат сөзсіз жүрегіне ұялайтынын айтып өтті. Сондай-ақ сектордың Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Эльмира Серікбайқызы иман шарттарын ашып берді. Алматы қаласының жауапты өкілі Гүлмира Ілесбайқызы баланың психологиялық күйінің білім алуына үлкен әсер ететінін жастарға түсіндіре алды.

Семинар қорытындысында Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы жауапты өкілі Назерке Әкішқызы қоршаған ортаның жақсы болуы, жақсы достың жақсылыққа жетелейтіндігін айтты.