БАЛҚАШ АУДАНЫ: ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
Балқаш ауданы: ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жобасы аясында Балқаш аудандық перзентханасына 100.000 теңге мөлшерінде жаңа туған сәбилерге арналған жабдықтар табысталды.
Қайырымдылық шарасына Балқаш өңіріне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері ,аудан имамы Нұрдәулет Тоқанұлы , Балқаш аудандық емханасының ұжымы қатысты. Игі іс-шара барысында 100 дана жөргек белбеулері мен көрпешелер табысталды.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты перзентханаға түскен көпбалалы және тұрмысы төмен аналарға көмек көрсету.Өз кезегінде емхана басшылығы сауапты іске ризашылығын білдіріп, атсалысқан Діни басқарма ұжымына және демеушілерге алғысын жеткізді.



