preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: 100 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: 100 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Балқаш ауданы Алматы облысы, Балқаш ауданы “Оспанқожа ата” мешітінде аудан имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлының ұйымдастыруымен 100 балаға арналған “Мектепке жол” қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңа оқу жылына дайындық жасап жатқан көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтары және аяқ-киімдермен қамтамасыз ету мақсатындағы қайырымдылық шарасына ата-аналар өз ризалықтарын білдірді. Жиналған жамағатқа «Мектепке жол» қайырымдылық шарасының мақсатын түсіндіріп, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыс айтылды.