БАЛҚАШ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТТІ АТАП ӨТТІ
Балқаш ауданы Бақанас ауылында әйелдер жамағаты мәуліт кешін өткізді.
Аудан имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы кешті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өсиеттерімен ашып берді. Балқаш ауданы бойынша «Әйел- қыздар» секторының жауапты маманы Сармантаева Қымбат келген жамағатқа қонақтарды таныстырып, үлкен ақ жаулықты әжелерден баталарымен жалғастырды.
Жамағатқа арнайы ақ дастарханы жайылып, діни өлеңдер, күй, салауат, мәуліт жырлары оқылды.
Кеш соңында Қазақстан республикасының құрметті азаматы Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызы және әжелер қауымы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.