preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Бірлік ауылында көшпелі жиналыс өтті

Балқаш ауданы: Бірлік ауылында көшпелі жиналыс өтті

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының төрағалық етуімен Бірлік ауылында ауданға қарасты ауыл имамдарына арналған көшпелі жиналыс өтті.

Жиналыс күн тәртібінде келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық жайы пысықталып, діни жоралғыларды сауатты түрде өткізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, мерекелік шаралар турасында ауыл тұрғындарын толыққанды, дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы дін қызметкерлеріне Құрбан айт күндері тәртіпке барынша мән беруге, құрбан шалынатын орындардың санитарлық тазалығын қадағалау сияқты мәселелерге мұқият болуды тапсырды.

Сонымен бірге, дін қызметкерлері бас қосқан жиналыста «Имани жаз 2024»сауат ашу курсына қатысты мәселелер де талқыланды.