preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы жалғасуда

Балқаш ауданы: «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы жалғасуда

Алматы облысына қарасты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы жалғасуда.

Жергілікті ата-аналардың өтініштерін ескеріп дін қызметкерлері сауат ашу курсының жұмысын ұзарту туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта құлшылық үйінде 100 ден астам шәкірт дәріс алуда. Сауат ашу курсына ата-аналарының келсімімен 8-18 жас аралығындағы оқушылар қабылданса, ересек топқа 19-60 жас аралығындағы тұрғындары тіркелді.

Курс аясында шәкірттерге «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» сияқты пәндер оқытылып, әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретілуде.

Бұдан бөлек дәрістер арасындағы үзілістерде балалар табиғат аясында дем алып, қалған уақыттарында ұстаздарының ұйымдастыруымен түрлі шеберлік сағаттарына да қатысуда. Түрлі форматтағы ойындар ұйымдастырылып, шәкірттерге балмұздақ және түрлі тәттілер таратылуда.