preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Балқаш ауданы: «Оспанқожа ата» мешітінде «Ислам және отбасы» бағдарламасы аясында дәріс өтті.
Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы Қазақ қоғамындағы ата-ананың рөлі жөнінде насихат айтты. Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар екендігін түсіндіріп өтті.
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы дәріс оқыды.Дәріс соңында жамағаттардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.