preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Балқаш ауданына қарасты Ақдала, Ақжар, Ақкөл ауылдарында жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысын қадағалап, дұрыс бағыт беру үшін ауданның бас имамы  Нұрдәулет Тоқанұлы барды.

Аудан имамы жалпы ауданға қарасты барлық мешіттердің басы қасында болып, әсіресе салынып жатқан мешіттерді жіті қадағалауда. Мешіттің заманауи үлгіде болуын және  мешіт құбыласы, әжетхана тағы басқа мәселелерді әр уақытта басты назарда ұстайды. Арнайы іс-сапар барысында құрылыс жұмысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Аудан имамы мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады. Айта кетсек, Балқаш ауданында Ақдала, Ақжар, Ақкөл ауыл тұрғындарына арналған құлшылық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.