БАЛҚАШ АУДАНЫ: ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН СҮБЕЛІ СҰХБАТ ӨТТІ
Балқаш ауданы,Топар ауылдық мешітінің имамы Бимендиев Орынғали « Ихсан-рухани тәрбие негізі » аясында оқушылармен сүбелі сұхбат жүргізді.
Отбасылық құндылықтарды сақтау, отанды сүю, ата-ананы құрметтеу , ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Қоғамның негізі болып табылатын жастар санасы әрдайым дін мен дәстүрін биік қоятын ұрпақ болуы үшін білім жолында аянбай ізденуге шақырды. Жастар имамға түрлі сауалдар қойып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Келелі кездесу үшін екі тарап та алғыстарын жеткізді.
Сондай-ақ «Ислам және отбасы» тақырыбында оқушылардың ата-аналаырмен жүздесті. Отбасылық құндылықтарды сақтау, ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер айтылды.