БАЛҚАШ АУДАНЫ: “ҮШҚОҢЫР” МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ 5 ТОННА КҮРІШ ЖЕТКІЗДІ
ҚМДБ Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша “Зекет және қайырымдылық» қоры “Үшқоңыр” медресе-колледжіне қайырымдылық шарасын өткізді.
Қайырымдылық шарасы барысында Балқаш ауданына қарасты имамдардың ұйымдастыруымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен “Үшқоңыр” медресе-колледжіне 5 тонна (бес тонна) күріш жөнелтілді. Медресе ұжымы қайырымдылық шарасына атсалысқан барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.



