БАЛҚАШ АУДАНЫ: УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Алматы облысы, Балқаш ауданында ауыл имамдарына арналған «Уағыз-насихат айтудың әдіс-тәсілдері» атты тағылымды семинар өтті. Жиынға «Ихсан және уағыз-насихат» бағыты бойынша облыстық жауапты дін қызметкері Серікбайұлы Ербол, Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және ауыл имамдары қатысты.
Серікбайұлы Ербол ұстаз дін насихатының жауапкершілігі, көркем тілмен жеткізу мәнері жайында кеңінен сөз қозғап, уағызды аят-хадиспен және халық даналығымен ұштастыру тәсілдерін түсіндірді. Ислам құндылықтарын халыққа ұғынықты жеткізудің тиімді жолдары мен насихат айтудағы ережелерге де жеке-жеке тоқталды.
Салиқалы семинар қатысушыларға серпін беріп, рухани білімдерін тереңдетуге ықпал етті.



