preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында «Дәстүр және жастар» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

Балқаш ауданында «Дәстүр және жастар» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

Балқаш ауданына қарасты Миялы ауылдық мешітінің имамы Дауытхан Бағдат Миялы ауылдық орта мектебінің 9–11 сынып оқушыларымен «Дәстүр және жастар» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауыл имамы жастарға рухани-танымдық насихат айтып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығаратын жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, деструктивті ағымдардың алдын алу және олардан қорғану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Шара барысында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді орынды қолдану мәселелері қозғалып, кітап оқудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Кездесу оқушыларға ой салып, рухани тәрбие беруге бағытталды.