preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Балқаш ауданында рухани тұрақтылықты нығайту мақсатында тағылымы терең семинар өтті.

Жат ағымдардан сақтану мәселесіне арналған бұл жиынды ауданның Бас имамы Нұрдәулет Турежанов пен Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Талғат Абайұлы ұйымдастырып, дін қызметкерлерінің діни сауатын арттыруға айрықша көңіл бөлді. Семинар барысында еліміздегі діни ахуал, радикализмге қарсы тұру жолдары жан-жақты талқыланып, нақты мысалдармен толықты. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Шара соңында ақпараттық материалдар таратылып, бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасын табатыны айтылды. Игі бастама — ауданның рухани бейбіт болашағына жасалған нық қадам.