Балқаш ауданында «Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының мешіт-медреселерде қайырымдылық шараларын өткізуге арналған жұмыс жоспары аясында игі іс-шара ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы барысында Балқаш ауданына қарасты имамдардың ұйымдастыруымен және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Үшқоңыр медресе-колледжіне 3 (үш) тонна күріш жөнелтілді.
Медресе-колледж ұжымы көрсетілген қолдау үшін қайырымдылық жасаған азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.



