Балқаш ауданының бас имамы оқушылармен кездесті
Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Бақанас мектеп-интернатында өткен шараға қатысты.
«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында өткен кездесу барысында Нұрдәулет Тоқанұлы оқушыларға жат діни ағымдар жайлы айтып, олардың ықпалынан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, білім алушыларға өз уақыттарын пайдалы өткізіп, ғаламтордың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану бойынша кеңестер берді.
Өз кезегінде мектеп-интернаттың оқушылары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.