Балқаш ауданының бас имамы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасына қатысты
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауданында арнайы шара ұйымдастырылды.
Еске алу шарасына аудан әкімінің орынбасары Азат Үкітайұлы, аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы, ауыл ақсақалдары, елді мекен тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.
Шараға қатысушылар «Ақкөл көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сұрапыл жылдардың құрбандарын еске алып, олардың рухына Құран бағыштады.